Байден климат өзгерісімен күресті жеделдетіп жатыр
АҚШ президенті Джо Байден климаттың өзгеруіне қарсы күреске бөлінген қаржыны тез арада игеруге әрекеттеніп жатыр.
Ол бұл істі республикалық партия өкілі Дональд Трамп билікке келгенге дейін жүзеге асырып үлгеруі керек. Бұл туралы Бакудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісіне арналған саммитте Байденнің эко-инновациялар және жасыл энергияны енгізу жөніндегі аға кеңесшісі Джон Подеста мәлімдеді. CNN телеарнасының есебі бойынша Байден ел басқарған кезінде климат өзгерісімен күреске 103 млрд доллар бағыттаған. Бұдан бөлек, Аляскадағы мұнай өндіруге шектеу енгізу туралы жаңа бастамалар тағы бар.