Израиль Ливанның таулы аймағын атқылап, 23 адам қаза тапты

Израиль әскері Ливанның таулы аймағындағы тұрғын үйлерді әуеден бомбалап, 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Құрбандардың дені – әйелдер мен балалар. Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Олардың айтуынша, дәл осы сәтте «Хезболла» Израильді бірнеше зымыранмен атқылап, Нагария қаласында екі адам мерт болды. Оқиға Израильдің Қорғаныс министрі әскери мақсат-қа қол жеткізбей, «Хезболламен» текетіресті тоқтатпайтынын жария еткеннен кейін ертесі күні болған.

Айта кетейік, былтыр қазан айынан бері қақтығыстан 3200 ливандық қаза тапты.