Қытайда көлік жүргізушісі бір топ азаматты таптап өтті: 35 адам опат болды
Қытайдың Гуандун Чжухай провинциясында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды 24kz.
Соның салдарынан 35 адам қаза тауып, 45-і жарақат алды. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жол талғамайтын көлік тізгіндеген адам стадионда спортпен шұғылданып жүрген бір топ азаматты басып өткен. Алдын ала нұсқа бойынша, темір тұлпар жүргізушісі бұл әрекетін қасақана жасаған. Артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты. Қазір ол ауруханада. Оқыс оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.