Перуде лай көшкіні жүріп, 300-ден астам үй бүлінді

Перудің орталық аймағында шелектеп жаңбыр жауып, артынша көшкін жүрді, деп хабарлайды 24kz.

Табиғи апат салдарынан 300-ден астам үй бүлінген. Көшеде лай-батпақтан аяқ алып жүру қиындаған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Жергілікті биліктің айтуынша, небәрі 2 сағатта жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен. Құтқару бригадасы қазір аймақта бірнеше техниканың көмегімен көшкін салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.