Женевадағы бәссаудада түйреуіш $8,8 млн-ға сатылды
Швейцарияның Женева қаласында «Кристис» бәссаудасында зүбаржат түйреуіш 8 млн 800 мың долларға сатылды, деп хабарлайды 24kz.
Бастапғы құны 6 млн доллар болған. Асыл бұйымның 37 караты бар. Оны 1960 жылы ханзада Ага Хан үйлену тойында қалыңдығы Нина Дайерге сыйға берген. Мамандар: «Бұл өте сирек кездесетін зүбаржат», деп бағалады. Асыл тас негізі Колумбияда өндірілген. Оны аукцион үйіне ұзақ жыл қолында ұстаған коллекционер әкеліпті.