Испанияда тағы да тасқын жүруі мүмкін

Испанияда тағы да тасқын жүруі мүмкін. Жауын-шашын және күшті жел туралы ескертулер 8 аймаққа таратылды, деп хабарлайды 24kz.

Сондай-ақ Балеар аралдары, Каталония мен Валенсияға да қайта қауіп төніп тұр. Өткен тасқында зардап шеккен өңірлерде іздеу-құтқару жұмысы әлі жалғасуда. Із-түзсіз жоғалған адамдар саны – 23. Табиғи апат салдарымен күреске полиция мен 15 мыңнан астам сарбаз тартылған. Олардан бөлек, 45 мың ерікті тағы бар. Тақауда Испания патшасы VI Филипп Валенсиядағы әскери штабқа барды.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының аяғында «Дана» дауылы соғып, соңы алапат тасқынға ұласты. 223 адам опат болған. Билік зардап шеккендерге көмек ретінде 14 млрд еуро бөлді.