АҚШ Израильге әскери көмек беруді әзірге шектемейді – Э. Блинкен
АҚШ Израильге әскери көмегін әзірге шектемейді.
Себебі еврей елінің Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды жақсарту ісінде ілгерілеу бар деп санайды. Қазір қайтадан анклавқа жүк көліктері жөнелтіліп жатыр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Брюссельдегі НАТО штаб-пәтеріне жасаған сапары барысында осылай деді. Сөйте тұра американдық дипломат аймақтағы ахуалды ретке келтіру үшін атысты уақытша тоқтату керек деп есептейді. Қазан айында АҚШ билігі Газа секторындағы гуманитарлық ахуал бір айда жақсармаса, Израильге берілетін әскери көмек тоқтатылатынын мәлімдеген еді.