Германияда Бундестаг сайлауы 23 ақпанда өтеді

Германиядағы Бундестаг сайлауы келер жылдың 23 ақпанына белгіленді.

Билік басындағы коалиция мен оппозициялық блок басшылары осындай келісімге келді.

Аталған күнді енді Германия президенті мақұлдауы керек. 6 қарашада федералды канцлер Олаф Шольц билік басындағы коалиция фракцияларының біріне жетекшілік ететін әрі қаржы министрі қызметін атқаратын Кристиан Линднерді орнынан босатқан еді. Осыдан кейін жақтастары министрлер кабинетінен өз мандаттарын қайтарып алды. Нәтижесінде Шольц Бундестагтағы басымдығын жоғалтты. Канцлер мен экс-министр арасындағы текетіреске экономикалық реформалар мен мемлекеттік бюджет жобасын жоспарлау мәселесіндегі келіспеушілік себеп.