Израиль әскері Ливан мен Газадағы 100-ден аса нысанды атқылады

Израиль армиясы Ливан мен Газа секторына кезекті рет шабуыл жасап, бір тәулікте 100-ден аса нысанды әуеден атқылады, деп хабарлайды 24kz.

Олардың арасында командалық штаб мен қару-жарақ қоймалары бар. Бұл туралы еврей армиясының өкілдері хабарлады. Ал Анадолы агенттігі келтірген мәлімет бойынша Израильдің әуе соққыларынан өткен тәулікте 78 адам опат болған. 122 азамат жарақат алыпты. Жергілікті биліктің есебі бойынша былтырдан бері Ливанда 3400 адам қаза тапқан. Олардың 216-сі бала.