Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея елдері әскери жаттығу өткізді
Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея елдері Қытай іргесінде теңіз әскери жаттығуын бастады, деп хабарлайды 24kz.
Ол үш мемлекеттің қорғаныс министрлері қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес өтуде. Оған жойғыш ұшақтар, әскери кемелер мен жүздеген сарбаз жұмылдырылған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл – Джо Байденнің президенттігі тұсындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны болады. Ал, Оңтүстік Кореяның контр-адмиралы аталған әскери жаттығуды Солтүстік Кореяның араңдатушылық әрекеттеріне жауап ретінде қарастыруға болатынын жеткізді. Естеріңізде болса, Пхеньян жуырда жаңа баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген еді.