АҚШ Конгресінде республикашылар басымдыққа ие болды

АҚШ Конгресінде республикашылар басымдыққа ие болды

АҚШ-та республикашылар партиясы Конгрестің өкілдер палатасында басым орынға ие болды. Аризона мен Калифорниядағы жеңістің арқасында 435 мандаттың 218-ін алды.

Бұған дейін «қызылдар» демократтардан басым түсіп, сенаттағы басымдыққа ие болған еді. Осылайша, республикашылар заң шығарушы органды толығымен өз бақылауына алды. Euronews-тің хабарлауынша, енді партия жетекшілері мемлекеттік құрылымды қайта құрып, Трамп бастамаларын тезірек іске асыруды көздейді. Жаңадан сайланған президент АҚШ тарихында болмаған депортациялау операциясын жүргізетінін мәлімдеген еді. Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер жасап, импорттық тауарларға баж салығын арттыруға уәде берген болатын.