Израиль Сирия астанасын бомбалады

Израиль Сирия астанасы Дамаскіні 2 зымыранмен атқылады. Шабуылдан қос 5 қабатты тұрғын үй қирап, 15 адам қаза тапқан. Тағы 16 кісі жараланды. Бұл туралы араб елінің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған AP агенттігі хабарлаған.

Осы әуе соққыларының алдында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеидің кеңесшісі Әли Лариджани парсы елшілігінде палестиналық фракция өкілдерімен кездесуді жоспарлаған. Ал Израиль билігі: «Біздің көздегеніміз – әскери қоймалар», – деп мәлімдеді.