МАГАТЭ басшысы Иранның ядролық нысандарын аралады
МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Ирандағы ядролық нысандарды, оның ішінде Фордо мен Натанз зауыттарын аралап көрді. Сондай-ақ ол Ислам Республикасының ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізеді.
Әрі қарай Гросси Австрия астанасына аттанады. Венада 18 қарашада МАГАТЭ басқарушылар кеңесі техникалық комитетінің отырыс жоспарланған. Жиында парсы елінің ядролық мәселелері талқыланады. Бұған дейін Гросси: «Иран ядролық бомба жасауға байытылған уранның қажетті көлемін иеленуге жақын қалды», – деп мәлімдеген еді. Бірақ МАГАТЭ-нің парсы елінде ядролық қару бағдарламасы жұмыс істеп тұр дегенге нақты дәлелі жоқ.