Францияда тұтқынға алынған төрт адам босатылды

Францияда мейрамханада тұтқынға алынған 4 адамның барлығы босатылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға Париж іргесінде болған. Жергілікті мейрамхана иесінің ұлы сонда жұмыс істейтін адамдарды тұтқынға алған еді. Оның не үшін бұл әрекеткен барғаны әзірге белгісіз. Полицейлер қаскөймен 2 сағаттай келіссөздер жүргізіп, ақырында оны адамдарды босатуға көндірген.