Бостон мұғалімдері екі апта бойы ереуілдетіп жатыр
Бостон мұғалімдерінің ереуілі әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Олардың жұмысқа шықпағанына екі апта болды. Наразы топ сыныптарда оқушы шамадан тыс көп екенін айтады.
«Жүктеме жоғары, ал ұстаздар тапшы», - дейді. Олар еңбек жағдайын жақсартып, айлығын көтеруді талап етуде. Айтуларынша, 20 мың доллар жылдық жалақысы түкке жетпейді. Ереуілдер кесірінен бірнеше мектеп жабылды. Ал билік жұмысқа шықпаған мұғалімдер үшін кәсіподақтарға айыппұл салды. Бірақ наразы топ бұл әділетсіздік екенін айтып, акцияны талаптары орындалмайынша жалғастыратынын жеткізді.