Ресейде ұсталған қазақстандық азамат елге қайтарылды
Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген Қазақстан азаматы экстрадияланды, деп хабарлайды 24KZ. Ол 2019-2020 жылдары аралығында кәсіпкерді алдап, сеніміне кіру арқылы арам пиғылын іске асырған. 53 миллион теңге шамасындағы арнайы техника мен көлікті 35 миллионға сатып, ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Әрі қарай шетелге қашып кеткен.
Кейін халықаралық іздеу жарияланып, биыл шілде айында ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Қазір Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге қайтарылды.
Әсел Берқалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:
- Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысы үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.