Түркияда көлік апатынан 30 адам жараланды

Түркияның Афьйонкарахисар провинциясында қалааралық жолаушылар автобусы жеңіл автокөлік пен фураға соғып, салдарынан 30 адам зардап шекті.

Бұл туралы Хуриет ((Hürriyet)) газеті хабарлады. Басылым дерегіне сүйенсек, оқиға Топдере ауылында орын алған. Жолаушылар мінген автобус Анкараға қарай бет алған. Әзірге жол апатының неден болғанын белгісіз, себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.