АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 36 трлн доллардан асты

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 36 трлн доллардан асты, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – максимум көрсеткіш. Яғни, қарыз-құрыз былтырғымен салыстырғанда екі трлн-ға өскен. Халықаралық валюта қорының мамандары бұл үдерісті әлем экономикасына қауіп деп атады және оны мемлекеттік қарыз лимитінің жойылуымен байланыстырады.

Президент Джо Байден қаражат тапшылығын болмауы үшін мемлекеттік қарызды 2025 жылға дейін көтеруді тоқтатқан болатын. Осылайша, Қаржы министрлігіне бір жарым жыл ішінде несие берушілерден қанша қажет болса, сонша қарыз алуға мүмкіндік берді. Ал, қазір демократтар мемлекеттік қарыз лимитін көтеруді талап етіп жатыр. Республикашылар, керісінше, бюджетті қысқартуды қалайды.