Ynet: Израиль Ливанмен бейбіт бітімге келуі мүмкін

Израиль Ливанмен бейбіт бітімге келуі мүмкін. Түпкілікті шешімді еврей үкіметі қабылдайды.

Бұл туралы Израильдің Ynet порталы хабарлаған. Ресми Тель-Авивтің ұйғарымы туралы Ливан билігін АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнаулы өкілі һәм президент Джо Байденнің эмиссары хабардар етті. Келіссөздер әлі жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ұсынылып отырған келісімде 60 күн ішінде оқ атуды тоқтату, Израиль әскерін Ливан аумағынан шығару қарастырылған. Бұдан бөлек, шекара бойына Біріккен ұлттар ұйымы уақытша күштерінің қолдауымен Ливан әскері орналастырылады.