Биткоин бағасы күрт арзандады
Биткоин күрт арзандап, 92 мың долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды 24kz.
Сарапшылар бұл жағдайды АҚШ-тың жаңадан сайланған президентінің мәлімдемесімен байланыстырып отыр. Дональд Трамп Қытай, Мексика мен Канададан келетін тауарларға жаңа баж салығын енгізетінін айтты. Содан биткоиннан бөлек басқа криптовалюталар да арзандай бастады.
Естеріңізде болса, АҚШ-тағы президент сайлауынан кейін биткоин күрт қымбаттай бастаған. Өйкені Дональд Трамп өз міндеттерін орындауға кіріскенде цифрлық валюталар нарығына қолдау көрсететін айтқан. Сөйтіп, екі аптада бұл биткоин бағасы 40% өсті. Бірнеше күн бұрын оның құны 99 мың доллардан асқан еді.