Иордан өзенінің батыс жағалауында рейдтер жалғасып жатыр
Иордан өзенінің батыс жағалауында Израиль әскерінің рейдтері жалғасып жатыр. Кейінгі тәулікте 16 адам қамауға алынған. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Жергілікті ақпарат құралдары мұндай тексерулер соңы еврей елінің қарулы күштері мен жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығысқа ұласып жатқанын айтады.
Жалпы Таяу Шығыста былтыр күзден бері Иордан өзенінің батыс жағалауында Израиль әскерилерінің рейдтері кезінде 12 мыңдай палестиналық қамауға алынған. Еврей елінің қарулы күштері мұнда ХАМАС базасы орналасқанын айтады.