Израиль Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне шағым түсірді
Израиль тарабы Халықаралық қылмыстық соттың шешіміне қатысты шағым түсірді. Бұл сот өткен аптада еврей елі премьер-министрі мен бұрынғы қорғаныс министрін қамауға алу туралы ордер берген. Олар Газа секторы мен Ливандағы әскери қылмыстарға айыпты деп танылған.
Егер саясаткерлер халықаралық қылмыстық сотты құру туралы Рим жарғысына қол қойған 124 мемлекеттің біріне барса, бірден қамауға алынуы тиіс. Бірақ шағым түсірген Израиль жағы тиісті шешімнің ешқандай құқықтық негізі жоқ екенін айтады.