Газа секторында 191 журналист қаза тапқан

Газа секторында 191 журналист қаза тапқан

Газа секторында былтырғы қазан айынан бергі қақтығыс кезінде 191 журналист қаза тапты.

Бұл туралы Палестина үкіметіне сілтеме жасаған Ливанның "Әл Маядин ((Al Mayadeen)) телеарнасы хабарлаған. Кейінгі құрбандардың бірі "Аль-Кудс" телеарнасының редакторы Ибрагим Канаита. Ол ауруханаға жасалған дрон шабуылынан көз жұмды. Газа секторында ажал құшқан ақпарат саласының қызметкерлер саны әлемдегі орташа жылдық көрсеткіштен 2 есе көп. Салалық халықаралық федерацияның мәліметі бойынша, былтыр дүниежүзі бойынша 94 журналист қайтыс болған.