Сирияда қақтығыстан бір тәулікте 27 адам қаза тапты
Сирияның Алеппо және Идлиб қалаларында үкімет әскері мен оппозициялық күштер арасындағы қақтығыстан 27 адам ажал құшты.
Тағы 123-і жараланған. Бұл туралы араб еліндегі Азаматтық қорғаныс саласының өкілдеріне сілтеме жасаған "Эй-пи" ақпарат агенттігі хабарлады. Құрбандар арасында 11 бейбіт тұрғын бар. Әскери ұшақтар аталған қалаларды 4 зымыранмен атқылаған. Соққы салдарынан тұрғын үйлер қирады. Үкіметке қарсы топтар АлЕппо және Идлибке бақылау орнатқан. Сириядағы әскери қақтығыс 27 қарашада ушықты. Содан бері 300-ден астам адам ажал құшып, 10 мың отбасы босқынға айналған.