Грекияның Родос аралын су басты

Грекияның Родос туристік аралына Бора дауылы соғып, артынша шелектеп жаңбыр жауып, мұның соңы тасқынға ұласты.

Салдарынан бірнеше ғимаратты, тұрғын үйлер мен көлік жолын су басып қалды. Тұрғындар баспанасын тасқын судан тазартып, аймақты қалпына келтіруге кіріскен. Бірақ тоқтаусыз жаңбыр олардың жұмысына кедергі келтірді. Мамандардың айтуынша, қолайсыз күн райы әлі бірнеше күн сақталады. Кейінгі жылдары Жерорта теңізіндегі грек елі тасқын мен орман өрті сияқты табиғат апаттардан көп зиян шегіп жатыр. Ғалымдар мұны климаттың өзгеруіне байланыстырады. Қазір Грекия жер шарындағы ең ыстық нүктеге айналып барады.  

София Канелли, жергілікті тұрғын:

- Жағдай өте қиын. Тұрғындардың көбі қонысынан айырылды. Көлігіміз болса апаттық жағдайда тұр. Не істерімізді білмейміз.