Трамп туған құдасын қызметке тағайындады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп әкімшілік құрамын қазірден жасақтап жатыр.

Ол Таяу Шығыс бойынша аға кеңесшісін атады. Ол тегі Ливаннан шыққан американдық бизнесмен және Трамптың қызын алған құдасы Массад Булос. Бұл туралы болашақ Ақ үй басшысы "Трус Соушл" ((Truth Social)) әлеуметтік желісінде жариялады. Трамп "Булос халықаралық деңгейдегі тәжірибелі әрі беделді заңгер" деп бағалаған. Миллиардер сайлауалды науқан кезінде Трампқа үлкен қолдау көрсетті. Мәселен, Мичиган штатында тегі араб американдықтарды Трампқа дауыс беруге тартқан.