Сирияда 2600-ден астам адам уақытша паналау орталықтарына орналасты

Сирияда 2600-ден астам адам уақытша орналастыру орталықтарына орналасты.

Олардың дені әйел мен бала. БҰҰ мәліметі бойынша қазір елде осындай 12 орталық бар. Соларға келген азаматтардың бәріне қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ұйым өкілдері қазір Сирияда бейбіт тұрғындардың қаза табуына, зорлық-зомбылықтың күшеюі мен азық-түліктің тапшылығына қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұдан бөлек Алепподағы ауруханада жүздеген науқастың қажетті медициналық көмексіз қалғанын айтып, медицина саласындағы дағдарыстың ушығып жатқанын атап өтті.

Раманатан Балакришнан, Сириядағы гуманитарлық мәселелер бойынша өңірлік үйлестіруші:

- Сирияның солтүстік-батысында БҰҰ және оның серіктестері жаңадан қоныс аударған отбасыларды қабылдау орталықтары арқылы азық-түлік, қысқы керек-жарақтармен қамтамасыз етіп жатыр. 2600-ден астам адам 12 орталықтан пана тапты. 15 үкіметтік емес ұйым азаматтарға қолдау көрсетуде.