АҚШ-та ірі сақтандыру компаниясының басшысын атып кетті
АҚШ-та ең ірі сақтандыру компанияларының бірі United Healthcare бас директорын белгісіз біреу атып, өлтіріп кетті.
Оқиға Нью-Йорктың Манхэттен ауданында таңсәріде болды. Бетін тұмшалаған белгісіз біреу артынан келіп бірнеше рет атқан. Сонан ол алған жарақатынан ауруханада қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, 50 жастағы Брайан Томпсон шаһарға компанияның жыл сайынғы инвесторлар конференциясына келген. Марқұмды белгісіз біреулер тапсырыспен өлтіртуі мүмкін деген күдік бар. Қазір атқан адам іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, UnitedHealthcare- ның әлемде 52 миллионнан астам тұтынушысы бар. Компанияның былтырғы кірісі 23 млрд долларды құрады.
Кристиан Диас, Нью-Йорк тұрғыны:
- Оқтың бірнеше рет атылғанын естідім. Содан соң осында жүгіріп келдім. Көп ұзамай полиция келді. Таңғы уақыт болғанымен Нью-Йоркте мұндай әрекеттің болуы мені алаңдатады.