Кореяның қорғаныс министрі қызметінен босатылды

Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль қорғаныс министрі Ким Ён Хённың қызметінен бас тарту туралы өтінішін қабылдап, жұмыстан босатты.

Оның орнына Сауд Арабиясындағы осы елдің елшісі Чхве Бен Хека тағайындалды. Бұл туралы "Рёнхап" агенттігі хабарлады. Соңғы ақпарға қарағанда тағы Президент Әкімшілігінің басшысы, саяси мәселелер жөніндегі штаб бастығы мен 7 аға көмекшісі осындай өтінім білдірген. Еске салайын, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея Президенті күтпеген жерден елде әскери жағдай енгізді. Саясаткер бұл шешімді Солтүстік Корея тарапынан төнген қауіппен байланыстырды. Бірақ бірнеше сағаттан кейін әскери жағдай заңды күшін жойды.