Кубада миллиондаған тұрғын жарықсыз отыр
Кубада Матансас провинциясында ең ірі электр станциясы істен шығып, миллиондаған тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24kz
Бұған елдегі жанармай тапшылығы, табиғи апаттар мен экономикалық дағдарыс себеп. Электр станциялары әбден тозған. Қуат өндіруде түрлі қиындықтар пайда болуда. Жарықтың өшуі салдарынан аймақтағы біраз мекеме уақытша жұмысын тоқтатты. Мектептер мен оқу орталықтарында дәрістер кейінге шегерілді. Билік мәселені тез арада шешуге уәде етті.
Айта кетейік, Кубада кейінгі бірнеше аптада жарық бүкіл ел бойынша осымен үшінші рет істен шықты.