Израиль әскері палестиналықтарды Бейт-Лахиядан қуып жатыр

Израильдің әскери күштері палестиналықтарды Бейт-Лахия қаласынан күштеп қуып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, мыңдаған адам уақытша орталықтардан кетуге мәжбүр. Өткен түнде еврей армиясы аймақты әуеден атқылаған. Бұдан бөлек, палестиналықтар паналаған аумаққа артиллериялық соққы жасаған. Израиль әскерилерінің айтуынша, Газаның осы ауданында қарулы топ жасырынған.

Хафез Варшал, босқын:

- Біз Бейт-Лахияда бір жылдан астам өмір сүріп келеміз. Израиль әскери шабуылдарының нәтижесінде әкем ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Ал бізді осы аймақтан кетуге мәжбүрлеп жатыр. Бірақ қайда баратынымызды білмейміз.

 

Израиль ХАМАС-қа атысты тоқтату туралы келісімнің жаңа жобасын жолдады

Израиль тарапы Газадағы атысты тоқтату туралы келісімнің жаңа жобасын ХАМАС-қа жолдаған. Бұл туралы Axios басылымы хабарлады. Құжатта кепілге алынған азаматтарды босату, алты апталық бітімгершілік, палестиналықтарды үйлеріне қайтару және жаңа гуманитарлық көмек жеткізу мәселелері қарастырылған. ХАМАС өкілдерінің жаңа құжат бойынша ұстанымы әлі белгісіз.