Нью-Йорктегі бас шыршаның шамы жағылды

Нью-Йорктегі Рокфеллер орталығында әлемдегі ең танымал рождестволық шыршаның шамы жағылды. Биыл ол 50 мың түрлі-түсті шам және үш миллион Swarovski кристалдары бар тәжбен безендірілген. Биіктігі 23 метр болатын шыршаның жарқырау сәтін көруге жиналған жұрт көп.

Жалпы Рокфеллер орталығындағы шыршаны жағу дәстүрі 1933 жылдан бері жалғасып келеді. Мерекелік маусым аяқталғаннан кейін ағаш қайта өңделіп, Habitat for Humanity ұйымына құрылыс материалы ретінде беріледі. Бұл ұйым мұқтаж жандарға қолжетімді тұрғын үй салумен айналысады.