Оңтүстік Кореяда президентке қатысты тергеу басталды

Оңтүстік Корея полициясы президент Юн Сок Ёльге қатысты тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды 24kz.

Ол ел аумағында әскери режим енгізу арқылы мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл айып президенттік иммунитет шеңберінен шығады. Сондықтан Юн Сок Ёль өлім жазасына кесілуі мүмкін. Аталған іс бойынша әскери режимді басқарған қазіргі Ішкі істер министрі де айыпталып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті күтпеген жерден елде әскери режим енгізді. Мемлекет басшысы бұл шешімді Солтүстік Корея тарапынан төнген қауіппен және конституциялық құрылымды сақтау қажеттілігімен түсіндірді.

Сондай-ақ оппозицияны «мемлекетке қарсы әрекет етіп жатыр» деп айыптады. Бірақ оппозициялық партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері бұл шараны «Отанға опасыздық» деп атап, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Импичмент жобасы бүгін парламентте ұсынылады.