БҰҰ Бас хатшысы Сириядағы қантөгісті тоқтатуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Сириядағы қантөгісті тоқтатуға шақырды

БҰҰ-ның Бас хатшысы әлемдік қауымдастықты Сириядағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға шақырды. Ол бейбіт тұрғындарды қорғап, жұртты гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Бұған дейін Антониу Гутерриш тиісті мәселені телефон арқылы Түркия президентімен де талқылаған еді.

Сириядағы ахуал 27 қарашада күрт ушығып кетті. Сол уақыттан бері үкімет әскері мен оппозициялық қарулы топтар арасында қақтығыс жүріп жатыр. Оппозиция жасақтары бірнеше күн ішінде Алеппо, Идлиб және Хама қалаларын өз бақылауына алды.

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Сириядағы он мыңдаған бейбіт тұғынның өміріне қауіп төніп тұр. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары мен оқ атуды тоқтату туралы келісімдердің орындалмауының салдары қандай болатынын көріп отырмыз. Сириядағы онсыз да қиын жағдайдың одан әрі ушығып бара жатқанын көру оңай емес. Сондықтан әлемдік қауымдастықты сириялықтарға көмектесуге шақырамын. Маңызды диалог жүрізетін кез келді.