Amnesty International Израильді айыптайтын баяндама жариялады

Израиль Газа секторындағы палестиналықтарды жаппай қырып жоюын жалғастыруда.

Осындай қорытындыға келген "Эмнести интернэйншнл" халықаралық құқық қорғау ұйымы тиісті баяндама дайындады. Құжатта еврей елі үкіметінің өңірдегі күрделі гуманитарлық жағдайды елемей, халықаралық талаптарға бағынбай отырғаны туралы жазылған. Сондай-ақ Израильге қару-жарақ жекізетін кез келген мемлекет не ұйымның палестиналықтарды қырып-жоюға қатысатыны да ескертілген. Бірақ еврей елінің сыртқы істер министрлігінің өкілдері мұны шындыққа жанаспайтын жалған айып екенін айтып, баяндаманы қатаң сынға алды. Олар ХАМАС мүшелерінің шабуылынан қорғану үшін халықаралық құқыққа сәйкес әрекет еттік деп отыр.