НАСА Айға адам қондыру жоспарын кейінге шегерді
НАСА адамдарды Ай бетіне қондыру жоспарын кейінге қалдырады.
Өйткені тиісті жабдықтың қауіпсіздігіне қатысты қиындықтар туындаған. Енді соларды жою керек. Жоба "Артемида үш" деп аталады. Соған сәйкес 4 адамнан тұратын экипаж 2026 жылдың сәуіріне дейін Ай бетіне қонуы керек. Бірақ енді бұл жоспар 2027 жылдың ортасына қалып отыр. АҚШ-тың Айды игерудегі бас қарсыласы Қытай мұны 2030 жылы іске асыруға ниетті.