Оңтүстік Корея президенті халыққа үндеу жолдады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль парламенттің жоспарланған импичмент бойынша дауыс беруден бірнеше сағат бұрын халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды 24kz.

Онда ол осы аптада елде әскери жағдай енгізуге тырысқаны үшін халықтан кешірім сұрады. Президент бұл шешімнің үмітсіздіктен қабылданғанын айтып, ол үшін заңды және саяси жауапкершіліктен қашпайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ мұндай олқылыққа енді жол бермейтінін баяндады. Бұл – қиын жағдайға тап болған көшбасшының көпшілік алдында алғаш рет сөз сөйлеуі.

Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Корея парламентінде президентке импичмент жариялау бойынша дауыс беру өтеді. Оны қабылдау үшін президент партиясы депутаттарының кемінде 8 дауысы қажет.

Юн Сок Ёль, Оңтүстік Корея президенті:

- Әскери жағдай туралы екінші рет хабарландыру болмайды. Мен болашақта саяси жағдайды тұрақтандыру бойынша шара қабылдау мен менің өкілеттігімнің мерзімі туралы маңызды мәселелерді партияның құзыретіне беремін.