БҰҰ: Сириядағы қақтығыстан босқындар саны 1,5 млн-ға жетуі мүмкін

Сирияда қарулы қақтығыстың өршуіне байланысты 280 мың адам үйлерін тастап кетті, деп хабарлайды 24kz.

Егер шиеленіс қазіргі қарқынмен жалғаса берсе, босқындар саны 1,5 миллионға жетуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. Ұйымның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері елдің тағдырын анықтайтын шешуші кезең келгенін мәлімдеді. Көпжылдық қақтығыстың салдарынан 3 миллионнан астам сириялық азық-түлік тапшылығын сезініп, жеткілікті мөлшерде тамаққа қол жеткізе алмай отыр. Қазіргі уақытта Сирияда 13 миллионға жуық адам азық-түлік көмегіне мұқтаж. Жағдай күннен-күнге нашарлауда: өткен аптада сириялық көтерілісшілер Алеппо мен Идлиб қалаларын басып алды. Ал жақында оппозициялық күштер елдегі ең ірі 4 қаланың бірі – Хаманы өз бақылауына алды.