Сирияда қарулы топ Дараа қаласын басып алды
Сирияда оппозициялық күштер елдің оңтүстік-батысындағы Дараа қаласын басып алғанын мәлімдеді.
Бұл осымен қарулы топ бақылауына алған төртінші ірі қалалардың бірі. 2011 жылы дәл осы шаһарда азаматтық соғыс басталған. Олар шаһарға кіре салысымен бұрынғы ел президенті, Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың ескерткішін құлатты.
Еске салайық, бір апта ішінде бүлікшілер Асад әскеріне қарсы көтеріліске шығып, ең ірі Алеппо, Идлиб, Хама қалаларын өз нысанына алды.