Үндістанда полиция мен шерушілер қақтығысты
Үндістанда шаруалар егістік өнімнің бағасының тым төмен болуына қарсы шеру ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.
Алайда оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Оқиға Пенджаб пен Харьяна штаттарының арасындағы шекарада болды. Полиция жүздеген шаруаға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Шаруалар заңнамалық кепілдік, мемлекеттік қолдаудың артуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ең төменгі сатып алу бағасының бекітілуін талап етуде. Осыдан үш жыл бұрын осы мәселе бойынша ондаған мың адам Нью-Делидің шетінде шатыр құрып, бір жылдан астам уақыт бойы наразылық білдірген еді.