АҚШ апелляциялық соты TikTok-ты Америка құзыретіне өткізуге міндеттеді

АҚШ апелляциялық соты TikTok қосымшасын әзірлеуші компанияны оның америкалық активтерін алты ай ішінде сатуға міндеттейтін заң жобасын мақұлдады. Әйтпесе әлеуметтік желіге келесі жылдан бастап АҚШ-та тыйым салынады.

Бұл қадамды ресми Вашингтон TikTok-ты миллиондаған адамның жеке деректерін пайдалану арқылы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізуі мүмкін деп түсіндіреді. Өйткені сақтық шарасы ретінде былтыр мемлекеттік қызметшілерге желіні қолдануға шектеу қойды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, 170 миллионнан астам америкалық TikTok-ты тұрақты қолданады.