Израиль күштері Газа секторында аурухананы атқылады
Израиль күштері Газа секторының солтүстігінде емдеу орнын атқылап, 30 адам мерт болды. Тағы ондаған кісі зардап шекті. Құрбандардың төртеуі – медицина қызметкерлері. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің мәліметінше, соққы ескертусіз жасалған.
Шабуылдан кейін медицина мамандары мен науқастарға ғимаратты шұғыл босату ескертілді. Бірақ шығу кезінде 70-тен астам адам ұсталды. Қазір аймақта барлығы 17 емдеу мекемесі жұмыс істеп тұр.