Импичмент: Оңтүстік Кореяда партия депутаттары дауыс беруден бас тартты
Бүгін Оңтүстік Корея парламентінде ел президенті Юн Сок Ёльге импичмент жариялау жүзеге аспай қалды. Өйткені билік басындағы партияның депутаттары дауыс беруден бас тартып, залдан шығып кетті. Осылай 300 депутаттың 195-і ғана дауыс берген. «Халық күші» партиясының 108 өкілінің 105-і отырысқа қатысқан жоқ. Айта кетейік, импичмент жариялау үшін 300 депутаттың 200 дауысы қажет.
Ал осы сәтте Сеулде Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша қолдау білдіргендер мен қарсылық танытқан тұрғындар жаппай шеруге шықты. Көшбасшыны жақтаушылар орталық алаңды ұрандатып, жалаулатып жүріп өтті.
Сеулде саяси жағдайға байланысты шеру жалғасып жатыр
Наразылық акциясына мыңдаған адам қатысты. Олардың қатарында азаматтық және саяси ұйым өкілдері де бар. Шара жалғасып жатқан аймақ полиция қоршауына алынған. Оппозицияны қолдаушылар да белсенді түрде шерулетіп, президенттің отставкаға кетуін, сондай-ақ биліктің қайта жасақталуын талап етті.