Кореяда бұрынғы қорғаныс министрі қамауға алынды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён қамауға алынды.

Жергілікті Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, министрге мемлекетке опасыздық жасады деп айып тағылған. Саясаткердің ұялы телефоны тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Ол қазір Сеулдегі тергеу изоляторында қамауда отыр. Апта басында Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізуге байланысты ел президенті Юн Сок Ёльге қатысты да тергеу жүріп жатыр.