Reuters: Башар Асад ұшақ апатында қаза тапқан болуы мүмкін
Сирия президенті Башар Асад ұшақ апатында қаза тапқан болуы мүмкін. Reuters ақпарат агенттігі осылай деп болжам жасап отыр, деп хабарлайды 24kz.
Өйткені Сирия басшысы мінген ұшақ жағалау маңындағы аудандарға бет алғаннан кейін 40 минуттан соң Хомс қаласына жақын маңда радардан жоғалып кеткен. Бұған дейін әуе кемесі күтпеген жерден бұрылып, биіктігін төмендеткен. Әуе көлігі өте төмен жылдамдықпен, шамамен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ұшқан. Басылымның мәліметтеріне сәйкес, ұшаққа оқ атылуы әбден мүмкін.
Айта кетейік, сириялық көтерілісшілер, Башар Асадты ұстауға көмектескен адамға 10 млн доллар сыйақы беретінін айтты.