АҚШ Сириядағы көтерілісшілер жетекшісі жайлы ақпар үшін $10 млн ұсынып отыр

АҚШ сириялық көтерілісшілер командирі Әбу Мұхаммед әл-Джулани жайлы қандай да бір мәлімет берген адамға 10 миллион доллар сыйақы ұсынып отыр. Ол – Башар Асадқа қарсы күрескен «Хаят Тахрир аш-Шам» тобының жетекшісі. АҚШ әл-Джуланиді 2013 жылы террорист деп таныды. Америка билігінің мәлімдемесі бойынша Ирактағы Әл-Каида ұйымы оған Асад режимін құлатып, Сирияда шариғат заңдарын орнатуды тапсырған.

Кеше Сириядағы көтерілісшілер ел астанасы Дамаскіні басып алып, Башар Асад билігін құлатты. Сирия президенті қарулы қарсыластарынан ойсырай жеңілген соң Ресейді паналады. Оған Мәскеу саяси баспана берді.