Гаванада шығыршықты коньки тебуден марафон өтті
Куба астанасы Гаванада шығыршықты коньки тебуден дүниежүзілік марафон өтті. Оған әлемнің бірнеше елінен спортшылар қатысқан. Негізі бұл жарыс қарашаның басында өтуі тиіс еді. Бірақ дүлей дауылға байланысты кейінге шегерілді. Қатысушылар 42 шақырым жүгірген.
Куба коньки тебуден дүниежүзілік марафонды алғаш рет 2019 жылы өткізіп, содан бері дәстүрлі іс-шараға айналды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың көбі балалар мен жасөспірімдер екенін алға тартады.
Габриеле Галли, италиялық спортшы:
- Қазір Еуропада өте суық және жаңбыр, тіпті қар жауып тұр. Ал мұнда күн жылы, шуақты. Суық жақтан келген бізге бір жағынан бейімделу біраз қиын болды.