АҚШ әскері ДАИШ нысандарын атқылады
АҚШ әскері Сирияның орталық бөлігінде орналасқан ДАИШ нысандарын әуеден атқылады. Американың Орталық қолбасшылығы келтірген мәлімет бойынша бұл соққы лаңкестік топ өкілдерінің Сириядағы қазіргі жағдайды өз мүддесі үшін пайдаланып кетуіне жол бермеу мақсатында жасалған. Операция барысында әскери-теңіз күштері 75 нысанды атқылаған. Одан қанша адамның зардап шеккені туралы әзірге ақпар жоқ.
Айта кетейік, ДАИШ Қазақстан аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым саналады.