БҰҰ: Эфиопияда 9 млн бала мектепке бармайды
Эфиопияда 9 млн бала жазу-сызусыз отыр, деп хабарлайды 24kz.
Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Біріккен ұлттар ұйымы осылай дерек келтіреді. Табиғи апаттар салдарынан елдегі мектептердің 18%-і түгелімен қираған. Сондай-ақ бұл ел Африкадан келген ірі босқындар нөпірін қабылдап отыр. Қазірде халықаралық қауымдастықтар тарапынан гранттар бар. Одан түскен қаражат мектептегі оңалту, мұғалімдерді даярлау, психикалық денсаулықты қолдау және әлеуметтік қолдау, инклюзивті білім беру, мектептегі тамақтану салаларына жұмсалады. Ресми дерек бойынша әзірге 550 мың бала көмек алған.