Иран Сириядан өзінің төрт мың азаматын елге қайтарды
Башар Асад билігі құлағаннан кейін Иран билігі Сириядан өзінің 4 мың азаматын эвакуациялады.
Олар бірнеше әуе рейспен еліне кері қайтарылған. Көтерілісшілер ел астанасы Дамаскте өз бақылауын орнатқаннан кейін қарулы топтар Иран елшілігін шабуылдаған еді. Оның іші тоналып, ғимарат талқандалған. Осыдан кейін Ислам республикасы дипломаттары мен оның отбасыларын, сондай-ақ өз азаматтарын эвакуациялай бастады.
Фатеме Мохаджерани, Иран үкіметінің өкілі:
"Иранның сыртқы істер министрлігімен бірге Сирияда жүрген өз азаматтарымыздың эвакуациясын жүргізіп жатырмыз. Бұл процесс бәрін елге қайтарғанша жалғасады. Сириядағы соңғы оқиғалар тұрғындарға оң өзгеріс әкеледі деген үміттеміз."